Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжі жастары Бейнелеу өнері мұражайына экскурсия жасады.
Бейнелеу өнері мұражайы — 1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімінің негізінде ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады.
Алғашқы топтамалары – Қазақстан суретшілерінің кескіндеме туындылары, графика, мүсін өнері 60-шы жылдары Алматы қаласының картина галереясына тапсырылды, сондай-ақ, жергілікті суретшілерден кеңестер алынды.
Мұражайға енісімен, ең алдымен»Достық» картиналарын көзіңіз шалады. Қазақстан халқы Ассамблеясы атты жаңа көрмедегі әрбір туынды бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай ғұмыр кешкен отандастырымздың татулығынан сыр шертеді. Келесі Үлкен залға жайғасқан «Аманат» бөлімінде қазақ хандығының 550 жылдығына арналған туынылар қойылған. Керей мен Жәнібектің билік құрған жылдары , ондағы халықтың төл тұрмысы суретшілердің қаламынан көрініс тауыпты. Белгілі қолөнерші Әнуарбек Айдосовтың да мұнда шежіреге толы еңбегі ілінген.
– «Бүгін ерекше бір қолөнер еңбегімді әкеліп қойдым көрмеге. «Ордабасы» деп аталады. Себебі біздің 3 биіміз осы Ордабасыда бас қосып, елдің мәселесін шешкен. Татулығын нығайтып, барлық той-жиынды да осында талқылаған», — ҚР мәдениет және өнер қайраткері, қолөнерші Әнуарбек Айдосов.
Ал үшінші залда белгілі қолтаңбасы бар суретшілердің көзіндей сақталған тұщымды туындылар бар. Яғни, бүгінге дейін еш жерде жарық көрмей, қорда жатқан 1939 жылдан бергі түпнұсқа картиналар топтастырылыпты. Көрменің төрінен қазақтың алғашқы суретшілерінің бірі Әубәкір Исмаиловтың еңбегі орын алды. «Жас шопандар» атты құнды туынды осыдан 6 жыл бұрын облыстық»Көркемсурет» галереясына тапсырылған.
Картиналарды көзбен бәрі көреді, ал, жүрекпен сезіну екінің бірінің қолынан келе бермейді. Шымкентте орналасқан мұражай мен галерея ғимараттарына көбіне қала қонақтары аялдайтынын жасырып қайтейік. Мұндай ғимараттың бар екенін білмейтін тұрғындар да аз емес.
Көпшілік мәдени нысанның қорындағы осынау қылқалам шеберлерінің еңбектерін тамашлау үшін арнайы келген. Мұражай басшылығының айтуынша, оларды жинастырудың өзі оңайға соқпаған.
Мұражайда экскурсияда болған жастар сан ғасырлардан сыр шертетін картиналар мен түрлі ұлт өкілдері қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалады. Сонымен қатар, музейдегі көрме ай сайын жаңарып, толығып отырады.
2000 символ