aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Тор» қойылымы ұсынылды

20 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Тор» қойылымы ұсынылды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде теріс діни ағымдармен күрес, олардың алдын алу – өзекті мәселенің бірі. Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде қарашаның 15-16 күндері театрландырылған көрсетілімдер ұйымдастыру жоспарланған болатын.

Бүгін осы жоба аясында Сайрам тұрғын алабындағы қалалық өзбек драма театрында теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру, тұрғындар арасында діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында тағылымды іс-шара өтті. Онда «Қазақ шыңы» қоғамдық бірлестігі дайындаған «ТОР» (өзбекше «Қафас») тақырыбындағы қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымды тамашалауға тұрғындар мен колледж студенттері, жалпы 350-ден астам көрермен жиналды.

Мамандардың айтуынша, деструктивті діни ағымдар – үстемдігін күшейту үшін өз жақтаушыларын пайдаланып, діни, діни-саяси, психотерапиялық, денсаулық сақтау, ағартушылық, ғылыми-танымдық, мәдени және басқа да іс-шаралар арқылы өздерінің ниеттерін жасырын насихаттайтын авторитарлық ұйым. Дін атын жамылған ағымдар қатарын жаңа мүшелермен толықтырып, олардан түскен ақпараттарды бақылауда ұстайды. Сондай-ақ, бейэтикалық тәсілмен жеке тұлғаны бағындырып, психологиялық қысым көрсету, қорқыту арқылы мүшелерді ұйымда ұстап қалудың әр түрлі жолдарын қарастырады. Олар осылайша адамның тұрмыс қалпын, еркін, ақпарат пен дүниетанымды таңдау құқығын бұзады. Заңсыз әрі мамандандырылмаған медициналық қызметпен айналысып, сенушілерінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірген теріс пиғылды ағымдар да бар. Бұл ағымдар ұйым мүшелерінің құқығын бұзып, «сананы бақылау» әдісі арқылы денсаулығына, психикасына зиянын тигізеді. Көптеген миссионерлер жергілікті халық көп шоғырланған елдімекендерде тұрып, қызметтерін табысты атқару үшін сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын жеткілікті деңгейде зерттеп, үйренеді.

Шымкент қаласы дін істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Сарманов мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін, алда мұндай тағылымды іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті. Театрландырылған көрсетілім түрлі жат ағымдардан аулақ болуға үндейді. Спектакльде әлеуметтік желілерден радикалды уағызшылардың ықпалына түскен азаматтың басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Қоғамдық бірлестік өкілдерінің айтуынша, «ТОР» қойылымы болған оқиға желісі бойынша дайындалған. Айта кетсек, көпшілікке ой салған көрсетілім ертең де тұрғындарға ұсынылады.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 28 көше жарықтандырылады

Келесі жаңалық

Шымкентте сүт кластерін дамыту бағыты аясында арнайы семинар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі