aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте сүт кластерін дамыту бағыты аясында арнайы семинар өтті

20 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте сүт кластерін дамыту бағыты аясында арнайы семинар өтті
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сүтті мал шаруашылығын дамыту арқылы сүт өнімдерін көбейту мақсатында ұйымдастырылған семинарға қатысты.

Семинар барысында қала басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықты агроөнімдермен қамтып отырған шаруаларға алғысын білдірді.

«Ауыл шаруашылығы кәсібімен айналысамын деген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие мен инвестиция, қайта өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы бағыттарында субсидиялау арқылы қолдау көрсетіледі. Осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, саланы ары қарай дамытуға, қала халқын сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге және де өнімдердің экспортын арттыруға шақырамын», – деді қала әкімі.

Жиында кәсіпкерлер мен жеке қосалқы шаруашылық иелері кластерлік жобаларды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру тетіктерін қарастырды. Сондай-ақ шет елдерден әкелінген сүтті және сүтті-етті ірі қара малдың күтімі, сүтті мал шаруашылығын дамыту тақырыптарында пікір алмасты. Семинар аясында мал шаруашылығы өнімдері мен құрал жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсеткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де құрметке бөленді.

Айта кетейік, қала аумағындағы егістік көлемі 30,1 мың гектарға жетті. Ал 81 елді мекенде 157 мыңға жуық мал басы және 50-ге жуық түрлі қайта өңдеуші кәсіпорын бар. Қазіргі таңда 3 мыңнан аса шаруа қожалығы және 86 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағы құрылып, бүгінде инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 50-ден астам (кәсіпорындпрдың негізгі бағыттары: ұн-12, макарон-1, ірімшік-8, сары май-3, айран-3, жұжық-4, консерва-5, шұжық-6 т.б.) кәсіпорындары жұмыс жасауда. Оның ішінде сүтті қайта өндеумен айналысатын 8 кәсіпорын жұмыс жасауда («INTERMILK KAZAKHSTAN» ЖШС, «ОҢТҮСТІК AGRO LTD» ЖШС, «GOLDEN CHEESE» ЖШС, «BIO FOOD KZ» ЖШС, «IZMIR TRADE» ЖШС, «Бәйтерек Агро» СПК, «Дони LTD» ЖШС және ЖК Нурсултан). Олар бүгінгі күнге дейін 50 мың тонна сүтті қайта өндеп, 500 тонна сары май, 3 000 тонна қатты ірімшік өндіріп жатыр.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Тор» қойылымы ұсынылды

Келесі жаңалық

Есірткі ұлттың саулығын жүдетеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі