aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Есірткі ұлттың саулығын жүдетеді

20 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Есірткі ұлттың саулығын жүдетеді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мамандардың айтуынша, синтетикалық есірткі шекарадан көбіне химиялық қоспа ретінде жеке-жеке өтеді. Өндірісте қолданылатын қоспаны заңсыз жолмен қолына түсірген алаяқтар одан түрлі синтетикалық есірткі жасап шығады екен. Ал, шекарадан дәрілік химияның келуін шектеу дәрі-дәрмек өндірісін тұралатады.

Қалада бұл күрделі мәселемен күресу ешқашан бәсеңдеген емес. Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ, ЖИТС-тің алдын алу мақсатында бірнеше басқарма бірігіп, іс-шаралар жоспарын түзген. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен Шымкент қаласының полиция департаменті арнайы меморандумға сәйкес, шаһардағы орта арнаулы оқу орындары мен ЖОО-лар арасында алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргүізіп келеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастар арасында түрлі деңгейдегі спорттық шаралар ұйымдастырып, оларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырады.

Психологтар есірткіге тәуелділердің басым бөлігі ата-анасымен байланысы нашар, махаббатта жолы болмаған немесе жалғыздықты ұнататын балалар екенін алға тартып отыр. Яғни, мәселенің түп-төркіні отбасындағы тәрбие мен қарым-қатынасқа келіп тіреледі. Мамандар, әсіресе, жасөспірімдермен өтпелі кезеңде жиі пікір алмасып, оның жан-дүниесіне үңілу керек екенін айтады. Дәрігерлердің бір сөзі ғана көңілге демеу болды. Ұзақ уақыт дәрігердің бақылауында болып, емді бұлжытпай орындағандар арасында есірткіге тәуелділіктен құлан таза айыққандар бар. Демек, «есірткі дертінің емі жоқ» деген ел арасындағы пайым қисынға келмейді.

Өкініштісі, біз қоғам болып бұл дерттің тек салдарымен күресіп отырмыз. Синтетикалық есірткінің таралатын ең басты көзі – зертханалар мен оны дайындайтын «химиктердің» құрықталғаны жайлы ақпарат жоқтың-қасы. Яғни, дертті түбірімен жою үшін күресті тамырын шабудан бастау керек сияқты.

Мамандар жәй есірткіге қарағанда синтетикалық есірткінің зардабы өте ауыр екенін алға тартып отыр. Әлемде дәл осы синтетикалық есірткінің 500-ден аса түрі тіркелген екен. Көбіне оны қолданғандардың жүйке жүйесі зақымдалып, мәңгүртке айналады. Яғни, ойлана алмайды, істеген әрекетіне жауап бермейді. Ал, ағзасы іштей іріп жатады.

Жастары есірткіге еліткен елдің болашағы – бұлыңғыр. Ұрпақ саулығы – ұлт үшін маңызды мәселенің бірі. Сондықтан бұл дертпен күресуде табандылық танытқан абзал. Есірткі оған әуес болғанның ғана мәселесі емес, ерді қауқарсыз етіп, қару ұстауға жарамсыз қылып жатса, ол ұлт үшін ұлы қасірет емес пе?!

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте сүт кластерін дамыту бағыты аясында арнайы семинар өтті

Келесі жаңалық

СҚО-да 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі