Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сәуле шағын ауданындағы саябақтың құрылыс жұмыстарымен танысты. Саябақтың құрылыс жұмысы осы жылдың шілде айында басталды. Бүгінде құрылыс өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда. Өрнек тастар (5400 м2) салынып, аяқ жолдар мен вело жолдар төселінді. Сондай-ақ аққайын, үйеңкі, акация және қылқан жапырақтар отырғызылды. Оған қоса, автотұрақтың асфальтбетон жабындысы төселініп, қоршаулары орнатылды. Қазіргі уақытта түнгі жарық шамдарын құру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, футбол, баскетбол, балалар алаңшалары және воркаут алаңшалары салынған. Алдағы уақытта қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жаяу жүргіншілер жолы мен орындықтар, қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылады. Демалыс орнын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Нысанның құрылыс барысымен танысқан қала басшысы жауаптыларға халық тынығатын орын болғандықтан, саябақтың құрылысы сапалы жүргізіліп, көркі көпшілік тамсанарлықтай болу керектігін жеткізді.
Айта кетсек, Әл-Фараби ауданында 260 шақырымды құрайтын 390 көше бар. Осы көшелердің 90,4 пайызына, яғни 235 шақырымына асфальт төселсе, 25 шақырымы – тас жол. Жыл басынан бері ұзындығы 20,9 шақырымды құрайтын аудан орталығындағы 12 көшеге асфальт жабындысы төселіп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Олар – Жансүгіров, Анаров, Қабанбай батыр, Желтоқсан, Дулати, Қазыбек би көшелері мен Д.Қонаев даңғылы, Орынбаев, Пазиков, Ж.Тыныбаев, Адырбеков және Уәлиханов көшелері. Мұндай ағымдағы жөндеу ішкі орамдық көшелерде де жүзеге асқан. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 6,8 шақырым 29 көшеге асфальт төсеу жоспарланып, қазіргі сәтте 26 көшеде жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Мамандардың айтуынша, қалған 3 көшедегі құрылыс жұмыстары сот процесі жүргізіліп жатқандықтан уақытша тоқтап тұр.
Жолдардың тақтайдай тегіс болғаны қала көркіне көрік қосып қана қоймай, жолушылардың қауіпсіздігіне де кепіл. Қауіпсіздік дегенде көшенің жарықтандыру мәселесіне де тоқталып өткен жөн. Әл-Фараби ауданында қазір 390 көшенің 110-ы жарықтандырылған. Биыл қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан 14 көшені жарықтандыру жоспары бекітіліп, қазіргі таңда 8 көшеде жұмыстар толық аяқталды, ал 6 көшеде кешкі шам орнату жұмыстары жалғасып жатыр.
2000 символ