aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте «Жайдарман» лигасының финалдық ойыны өтті

20 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте «Жайдарман» лигасының финалдық ойыны өтті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Халықаралық студенттер күні қарсаңында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен жас командалардан құралған жайдарманшылардың финалдық ойыны өтті. Өнер сайысында он сегіз команда арасынан суырылып шыққан бес команда финалға өтіп, тартысты да қызықты ойын көрсетті.

Аталған жобаның мақсаты – жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, жастар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, елімізде белсенділігі күшейген жобада жастарға қолдау көрсету.

«Жайдарман» ойындарының шығармашылық алаңында жарысқа түскен бес топ белсенді дайындалып келген. Ойыншылардың тауып айтқан әзілдерінің астарынан шынайы өмір шындығын аңғаруға болады. Қағытпа қалжыңмен көрермендерді бір күлдіртсе, тартымды әңгімелерімен ойландырып та қойды.

— «Жайдарман» бізді шыңдайтын, алға қарай жылжуымызға көмек беретін биік белес. Ойын арқылы көптеген жетістіктерге жетіп, жаңа таныстық орнатып келеміз,– деді «Mademuazel» команда капитаны Ділназ Ахметова.

Қазылар алқасы өнерпаздардың сахнадағы мәдениеті мен сөз саптауларын, ойын ережелерін ұстана білуін жоғары бағалады.

— Командалардан финалдық деңгейдегі ойынды көрдік. Әрқайсысы өз образын жақсы алып шығып, ұтымды әзілдерімен күлдіре білді. Ойын керемет болды, – деді «Нысана» театрының актеры Абай Аязбаев.

«Жайдарман» ойындарына қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары қатысты. Ойын ережесіне сәйкес, ойынға қатысу үшін 42 команда өтінім білдіріп, іріктеуден 18 команда өткен болатын. Ал, маусымашар кезеңінен 14 команда 1\4 ширек финалына өтіп, жартылай финалға 8 команда жолдама алған. Жартылай финалда ойын көрсеткен 8 команда ішінен бүгінгі финалдық кезеңде 5 команда ойын көрсетті.

Әділ қазылар қатарында Нысана театрының актерлері , сондай-ақ, ардагер жайдарманшылар төрелік етті. Жастарды қолдау мақсатында аға буын жайдарманшылар қатысушы құрама командаларымен бірге өнер көрсетпек. Солардың бірі «Миллион» құрама командасының актері, жайдарманшы Мансар Орынхан.

Ал, қатысушылар шешуші кезеңде толқу үстінде. Ойында үздік өнер көрсетіп,жеңімпаз атануға сенімдерін үзбейтіндігін айтуда.

Тартысты өткен ойыннан «Mademuazel» командасы көрермен ықыласына бөленіп, жеңімпаз атанды.«Самал-3» жайдарман ойыншылары екінші орын, «Ақбұлақ» жігіттері үшінші орынды алды. Жүлделі орынға ие болғандар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Сәуле шағын ауданындағы саябақ жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі

Келесі жаңалық

Еліміздің екі қаласынан Новосібірге әуе рейстері қайта ұша бастайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі