aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Конгрес-холлда іс-шаралар өтетін күн алыс емес

20 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент: Конгрес-холлда іс-шаралар өтетін күн алыс емес
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте бүгінде заманауи конгресс-холдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ол үшінші мегаполистегі жаңа шағынаудан – Шымкент ситидің аумағында салынуда. Астана мен Алматыда конгресс-холл болсын, басқа өнер сарайлары болсын, жетерлік. Өткен жылдары Түркістан қаласында да конгресс-холл ашылды. Ендігі жерде Шымкентте де осындай заманауи ғимараттың салынып жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге Шымсити шағынауданынында бой көтерген Конгрес-холл ғимаратын аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. Қазір мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанның персоналды басқару жүйесіне мамандар оқытылуда.

Заманауи талапқа сай жабдықталған ғимаратта халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда.

Жобаға сәйкес бірінші блокта мәдени іс шараларға арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2 066 орындық көрермен залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз залы, техникалық бөлмелер бар. Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, шеберхана қарастырылған. Қала әкімі жауаптыларға озық үлгіде жабдықталған жаңа нысанның мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырма берді. Конгрес-холл өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен, Шымкенттегі жаңа конгресс-холл 5,24 гектар алқапты алып жатыр. Өткен жылы басталған құрылысы 2023 жылы аяқталады деп күтілуде. Ғимарат үш қабатты болады. Сондай-ақ, ғимараттың жобасында қызметкерлер мен келушілерге арналған асхана мен кең автотұрақ қарастырылған.

Расында, Шымкент біртіндеп халықаралық деңгейде танымал қалалардың біріне айналып келеді. Мәселен, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мамандарының мәліметі бойынша, биылғы алғашқы 6 айдың өзінде шаһарға 216 249 турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7 пайызға жоғары. Оның ішінде 200 549 адам ішкі турист болса, 15 700 адам шет ел азаматтары екен. Оған қоса Шымкентте Біріккен Араб Әмірліктерінің консулдығын ашыу жоспарланып отыр. Бұл қалаға саяхаттап келетін азаматтардың көбейе түсуіне әсер ететіні талассыз. Сондай-ақ, жылдан жылға Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Әлемнің әртүрлі елдерінен Шымкентке келіп, бизнес жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлардың да көбейіп келе жатқаны қуантады. Осындай қонақтардың барлығы бас қосатын, әртүрлі іс-шаралар өткізетін заманауи, еңселі ғимараттың керек екені айқын.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Еліміздің екі қаласынан Новосібірге әуе рейстері қайта ұша бастайды

Келесі жаңалық

Шымкент сити саялы саябақтармен ерекшеленетін болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі