aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені Шымкент қаласында жүзеге асырылады

17 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені Шымкент қаласында жүзеге асырылады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды.

Әлемдік бизнестің және қаржы секторының өкілдерін жинаған іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты. Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларға екі шетелдік компаниямен меморандумға қол қойды.

Біріншісі, Түркияның ірі компаниясы «Alarko Holding» қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салу. 650 млн АҚШ доллар сомасына жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құруды, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.

Екіншісі, «IŞIKLAR PACKAGING Ltd.» түрік компаниясы «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауытын салу. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды. Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Нарықта 30 жылдық тәжірибесі бар әйгілі Alarko Holding A.S. өкілдері қаламызға жалпы құны 650,0 млн АҚШ доллар инвестиция құйып, 200 гектарға жылыжай кешенін салуға қызығушылық танытып отыр. Мегаполис үшін бірегей жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Қала аумағында бұрын-соңды болмаған алпауыт кешен Мартөбе тұрғын алабында құрылатын агро-индустриялық аймақта бой көтереді. Алдағы уақытта мұнда өзге де жылыжай кешендері салынатын болады. Жылына 40 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы агрокешенде қияр, қызанақ, болгар бұрышы, асбұршақ сияқты түрлі ауылшаруашылығы өнімдері егіледі. Жылыжай құрылымы толық іске қосылғанда мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Агроөнімдермен негізінен қала халқын қамтып, алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлері мен алыс-жақын шет мемлекеттерге жөнелту жоспарлануда.

–Ірі жобаларыңызды біздің қаламызда іске асыруға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біз үшін әрбір инвестор маңызды. Өз тарапымыздан сіздерге барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазір тиісті жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Кешен құрылысын жүргізу үшін қолайлы жағдайлардың барлығы жасалып, агро-индустриялық аймақ қажетті инфрақұрылыммен қамтылатын болады, — деді қала әкімі.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Петропавлда қайтыс болып кеткен 200-ден астам адамды баспана кезегіне қойып қойған

Келесі жаңалық

17 қараша — Халықаралық шала туылған балалар күні

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі