aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

17 қараша — Халықаралық шала туылған балалар күні

17 ноября, 2023
in Uncategorized
0
17 қараша — Халықаралық шала туылған балалар күні
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл сайын әлемде шамамен 15 миллион бала шала туылады екен. Бұл әрбір туылған сәбидің 10-шысы. Мерзімінен бұрын босану әлемдегі жаңа туған нәрестелер өлімінің жартысына жуығын құрайды. Сондықтан да 17 қарашада әлемде «Халықаралық шала туылған балалар күні» атап өтіледі. Осыған орай Шымкенттегі қалалық перзентханаға Алматыдан неонатолог дәрігер Қарлығаш Біржанқызы арнайы келіп, дәрігерлер мен мейірбикелерге шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ бұл күні дүниеге келген шала туылған нәрестелердің аналарын құттықтап сый- сияпат табыстады.

—Жүктіліктің 37 аптасына дейін дүниеге келген нәресте шала туылған болып есептеледі. Мұндай балаларға ерекше күтім қажет. Оларды кезең-кезеңімен күтуді неонатологтар мен педиатрлар алдымен перзентханада, содан кейін балалар ауруханасы мен емханада күтімге алады. Оларға күрделі аппараттар, қымбат дәрі-дәрмектер, жоғары білікті медициналық қызметкерлер, әрине, ата-аналардың шексіз махаббаты мен шыдамдылығы қажет. Мерзімінен бұрын босанудың себептері әйелде созылмалы соматикалық патологияның болуымен, бұрын мерзімінен бұрын босануымен, зиянды әдеттермен немесе өндірістегі кәсіби зияндылық, анада құрсақішілік инфекцияның салдарынан болуы мүмкін. Себебін анықтау мүмкін болмайтын жағдайлар да бар, — дейді Қарлығаш Біржанқызы.

Мамандардың айтуынша, қалалық перзентханада жылына 9-10мың нәресте дүниеге келсе, оның 5 пайызы шала туылады. Уақытына жетіп туылған ана мен бала 2-3 күнде үйге шығарылса, шала туылған нәрестелер күтіміне байланысты 7-10 күнге дейін неонотолог дәрігерлердің бақылауында болады.

Іс-шара барысында біліктілігімен бөліскен дәрігерлер өзара тәжірибе алмасты. Дәрігерлер мұндай іс-шарадан үйренеріміз көп дейді.

1515 символ

Алдыңғы жаңалық

Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені Шымкент қаласында жүзеге асырылады

Келесі жаңалық

Деструктивті діни ағымдардың кері әсері қоғамға қауіп

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі