aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте Жастар денсаулық орталығы ашылды

22 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте Жастар денсаулық орталығы ашылды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №6 қалалық емханада үздік практика орталығы ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков мәлім етті.

Үздік практиканы енгізудегі мақсат- медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру мен халықтың қанағаттану деңгейін көтеру, адам және оның отбасы қажеттілігі төңірегіндегі денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру, арыз-шағымдарды төмендету, ұйымдастыру және әдістемелік жұмысты жүргізу, халықтың медициналық сауаттылық деңгейін жоғарылату, науқасты емдеу және аурудың алдын алу процесіне қатыстыру. Жоба негізінде жастар денсаулығына да басымдылық берілмек. Бұл үшін жастар денсаулық орталығы ашылып, жұмысын бастады.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №3 емхана жанынан ашылған «Сұңқар» жастар денсаулық орталығы 10-29 жас аралығындағы қала жастарына көмек көрсетеді.

Жастар орталығын ашудың негізгі мақсаты отбасын жоспарлау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастарға жоғары білікті медициналық-психологиялық және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы жасөспірімдердің, жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

Орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетіледі. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, адамның иммун тапшылығы инфекциясының, эмоционалдық көңіл-күйлерінің, күйзелісті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі және құқықтық кеңестер беріледі. Және бастапқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық-кеңес медициналық көмегі де көрсетіледі. Аталған орталық жастардың психикалық-әлеуметтік және медициналық проблеммаларын анонимді және уақытылы алдын алуға жағдай жасайды.

Айта кетсек, Шымкент қаласында халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі бойынша халыққа сапалы және уақытылы медициналық қызмет көрсету мақсатында 20 медициналық ұйым аккредиттеуден өткен. Жыл соңына дейін медициналық ұйымдарды ұлттық аккредитациядан өткізуді 35 %-ға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қалалық диагностикалық орталық дәріханасы GPP стандартына сәйкес сертификатталған.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте ана өлімі төмендеген

Келесі жаңалық

Шымкент: «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында халықпен кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі