aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында халықпен кездесу өтті

22 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент: «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында халықпен кездесу өтті
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Этносаралық, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердегі мәселелерді анықтау, нақтылау және оларды шешу мақсатында ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан «Бейбітшілік және келісім» жобасы басталған. Жоба шеңберінде Шымкент қаласы әкімдігі жанынан жұмыс тобы құрылған болатын.

Бүгін осы жоба аясында Тұран ауданы, Карл Маркс тұрғын алабындағы №48 жалпы орта мектебінің ғимаратында тұрғындармен кездесу өтті. Қабылдауда қалалық ішкі саясат және жастар істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, дін істері басқармалары мен құқық қорғау органдарының жауапты қызметшілері тұрғындардың мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

–Бүгінгі іс-шара «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында өтіп отыр. Кездесу тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өтініштерін басшылыққа жеткізу мақсатында қолға алынған. Қабылдауда мәселенің мүмкіндігінше оң шешімін табуын қарастырамыз. Сала басшылары мен арнайы мамандардан құралған жұмыс тобы тұрғындар арасында этносаралық келісім,әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу, халықтың денсаулығы, халыққа білім беру, бизнес ортаны дамыту, конфессияаралық келісім, заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік сынды жеті бағыт бойынша қабылдау жүргізеді, – деді «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов.

Жиынға ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Тұрғындар жеке және қоғамдық мәселелерге қатысты сауалдарын тиісті мекеме басшыларына жолдап, талқылады. Айта кетейік, бұл ашық кездесу қаланың өзге аудандарында да жалғасады.

Бүгінде 1,2 млн-нан астам тұрғыны бар үшінші мегаполис халқының үштен бірін басқа этнос өкілдері құрайды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында қалалық ассамблея маңайына топтасқан 17 этномәдени бірлестік ел игілігі жолындағы байсалды бастамалар мен бірлікті бекемдеуге атсалысып, қала аумағында жүйелі жұмыстарды жұмыла атқаруда. Ал Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кабинеті, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы сынды қоғамдық құрылымдар қашанда ырысты ынтымақ жолын жалғап, татулықты тұғырынан түсірмеуге сүбелі үлес қосуда.

Ассамблея мүшелерінің атсалысуымен «Алғыс айту күні», «Наурыз», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Офа­рин», «Сабантой» және этностардың тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күндері дәстүрлі аталып өтуде.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте Жастар денсаулық орталығы ашылды

Келесі жаңалық

Шымкент: Студенттер арасында ұлттық спорт түрлерінен спартакиада өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі