aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Студенттер арасында ұлттық спорт түрлерінен спартакиада өтіп жатыр

22 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент: Студенттер арасында ұлттық спорт түрлерінен спартакиада өтіп жатыр
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық студенттер күніне орай, Шымкент университетінде «Денсаулық – зор байлық» атты ұлттық спорттың бес түрінен университет аралық спартакиада өтті. Студенттердің басын қосқан дүбірлі додаға Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жұмабек Тәшенов университеті, Аграрлық-техникалық колледж, «Авимед» көпсалалы колледждің студенттері қатысты.

– Шымкент университетінің басшылығымен ұйымдастырылған университет аралық спартакиадада ләңгі тебу, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, қол күрес, кір тасын көтеру ойындарынан жеті команда бақ сынады. Ұлттық ойындарымызды дәріптеу арқылы студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және олардың спортқа деген қызығушылығын арттырғымыз келді, – деді Шымкент университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Мәжит Рүстемов.

Үміткерлердің арасында сайыстарда еліміздің Туын желбіретіп жүрген жастар да бар. Солардың бірі – Нұрболат Ергеш. Ол кір тасын көтеруден төрт дүркін әлем чемпионы атанған.

–Бала күнімен спортқа бейім болып өстім. Әр түрлі ойындарға қатысып, жеңімпаз атанған кездерім көп. Соның ішінен кір тасын көтеру жаныма жақын болғандықтан, тек осы спорт түрімен айналысып келе жатқаныма жеті жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында Литва, Сервия, Будапешт, Өзбекстан мемлекеттеріне барып, бірінші орынды иемденгенмін. Бұрын он минутта кір тасын жетпіс мәрте көтерсем, бүгін 100 мәрте көтеріп, рекордты жаңартамын, – деді Шымкент университетінің студенті Нұрболат Ергеш.

Спартакиада кешке дейін жалғасады. Жеңімпаздар арнайы марапатталатын болады.

Айта кетсек, Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» студенттері арасында жарыс өтті. Оған 6 адамнан құралған 4 команда қатысып, спорттың 7 түрінен сынға түсті. Сайысқа шет елден білім алуға келген студенттерде атсалысып, салауатты өмір салтын насихаттауда белсенділік танытты.

Психикалық аурудың алдын алуда салауатты өмір салтын сақтау маңызды. Сондай-ақ, дұрыс ойлау, позитивті көңіл күйде болу адам ағзасын ауырсынудан құтқарады. Бұл ретте, өзі қалаған іспен айналысудың да пайдасы ұшан теңіз. Психикалық және физикалық тепе-теңдіктегі жан стресс, депрессиядан аулақ болады.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында халықпен кездесу өтті

Келесі жаңалық

Шымкент: «Құқықтық көмек» жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі