aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласының әкімі Азия пара ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетті

22 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент қаласының әкімі Азия пара ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетті
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Азия пара ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушыларын арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты рәсімде қала басшысы құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

– Қытай елінде өткен ІV жазғы Азия пара ойындарында жеткен жетістіктеріңізбен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Осы сәтті пайдалана отырып, спортшыларды дайындауда аянбай еңбек етіп жүрген жаттықтырушыларды арнайы құттықтағым келеді. Алайда мұнымен жігерімізге ерік беретін уақыт жоқ. Өйткені келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына лицензияларды жеңіп алу үшін қарқынды жұмыстар күтіп тұр. Алдағы болатын үлкен додаларда тәуелсіз еліміздің намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінетіндеріңізге кәміл сенемін! – деді қала әкімі.

Еске салсақ, 22–28 қазан күндері аралығында Қытай Республикасының Ханчжоу қаласында ІV жазғы Азия пара ойындары өтті. Байрақты бәсекеде жалпы 22 спорт түрінен 43 мемлекеттің спортшылары бақ сынасты. Елімізден 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысып, оның ішінде Шымкент қаласынан спорттың 3 түрінен 5 спортшы ел намысын қорғады. Жүзуден Мансурбек Ибрашев, Алина Дубинина, Айсұлтан Кулкаев, садақ атудан Жасұлан Кішен, ал байдарка және каноэда есуден Максим Богатыров сайысқа түсті.

Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додада шымкенттік спортшылар ел қоржынына екі қола жүлде салды. Жүзуден 4х50 метр эстафеталық сайыста Айсұлтан Кулкаев, ал байдарка және каноэда есуден 500 метр қашықтықта Максим Богатыров жеңіс тұғырынан көрінді. Айсұлтан Кулкаевты Аязбек Бижігітов, ал Максим Богатыровты Константин Обласов жаттықтырады. Пара Ойындарында Қазақстан құрамасы 8 алтын, 12 күміс, 21 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 11-орыннан көрінді.

Айта кетерлігі, биылғы жазғы Азия ойындарына Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғаннан кейін алғаш рет дербес команда рет қатысты. Жерлестеріміз аталған сында 5 алтын, 10 күміс, 11 қола жүлдеге иелік етті. Азия ойындарын жарқын жеңіспен аяқтаған спортшыларымызды Шымкент әуежайынан және темір жол вокзалынан жерлестері зор қошеметпен қарсы алды. Каратэ, байдарка және каноэде есу, нысана көздеу, стенд атудан спортшыларымыз топ жарды. Жеңіс елге мұра, ұрпаққа ұран.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: «Құқықтық көмек» жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау өтті

Келесі жаңалық

Шымкентте бесінші ауданның құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына жол ашты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі