aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте бесінші ауданның құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына жол ашты

22 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте бесінші ауданның құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына жол ашты
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тұран ауданының құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына ықпал етіп, тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне жол ашты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков мәлімдеді.

—Шымкент қаласында жаңадан бесінші ауданның құрылуы — халықпен кері байланыстың нығаюына ықпал етіп, тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне жол ашты. Мәселен, тұрғындар көшені жарықтандыру мәселесін бізге айтады. Біз энергетика басқармасына өтінім беретін едік. Осы жағдайды қала басшылығына түсіндіріп едік, жарықтандыру бағытына бөлінетін қаржы бойынша шешім қабылдау өкілеттілігін аудан әкімдіктеріне берді. Соның нәтижесінде биыл Тұран ауданында 22 көше жарықтандырылса, 2024 жылы 200 көшені жарықтандыруды жоспарлап отырмыз, — деді Б.Болатбеков.

Брифинг барысында аудан әкімі жол құрылысы, шағал тас төсеу, сапалы электр қуатымен, ауыз сумен қамту, газдандыру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» жобасының орындалу барысы туралы да баяндалды.

Тұран ауданы бойынша 2023 жылдың 10 айында 21 елді мекенде 48 кездесу өткізіліп, 225 мәселе көтерілді. Оның 172 мәселесі шешілсе, 67 мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде 29 мәселе жыл соңына дейін орындалса, 38 мәселе 2024-2025 жылдарға өтпелі.

Бүгінгі таңда Тұран ауданы аумағында жауын-шашын кезінде көшелерді су басу қаупі бар жерлердің мәселесін шешу мақсатында тұрақты түрде қарқынды жұмыстар атқарылуда. 2023 жылдың басында арық орнату қажет 48 көше анықталған болатын. Биылғы жылы 41 көшеге ирригациялық арық салу жоспарланса, қазіргі таңда 36 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды.

Биыл Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар және 12 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта 14 балалар ойын алаңшасының, 8 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Олар: Бәйдібек би даңғылы №246, Отырар ш/а №52, Жарқынбеков көшесі №17, Ақжар е/м, жаңақұрылыс аумағы, Ақтас е/м Дос аялдамасы, Арғымақ е/м, атауы жоқ көше, Қазығұрт е/м Шуақты көшесі, Мангелдьн көшесі №40 үй, Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі, Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесі, Құрсай е/м Егізтөбе көшесі, Рысқұлов көшесі №2, Құрсай е/м Қарашығанақ көшесі, Жаңаталап е/м Қабылсай көшесі.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласының әкімі Азия пара ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетті

Келесі жаңалық

Шымкентте өндірілген балалар ойыншықтарына көрші елдерден сұраныс бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі