Шымкент қаласында жылына 200 мыңнан астам ойыншық өнімдері өндіріледі. Бүгінде бұл бағытта үш кәсіпорын іске қосылған.
Өндіретін өнім көлемі бойынша ауқымдысы — «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан пластикалық ойыншықтар шығаратын кәсіпорын. 2016 жылы қолға алынған 33,5 млн. теңгені құрайтын инвестициялық жоба әртүрлі типтегі ойыншықтар шығаруға бағытталған. Қазір мұнда 10 адам тұрақты жұмыс істейді. Зауыттан жылына 150 мыңнан астам пластикалық ойыншықтар шығарылуда.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Зауыт иелеріне инфрақұрылыммен қамтылған жер телімі берілді. Жергілікті өндіріс орны былтыр «Халыққа арналған ең жақсы тауар» номинациясын иеленген болатын. Бүгінгі таңда кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Алдағы уақытта кәсіпкерлер қытайлық әріптестерімен бірлесе жаңа бағыттарды іске қосуды жоспарлауда. Зауытта автоматтандырылған құрылғылардың көмегімен жұмсақ ойыншықтар шығарыла бастайды.
Шымкенттегі индустриалды аймақта орналасқан «Наурыз пластик» компаниясының өндіріс орны бүгінгі таңда балаларға ойыншықтың неше түрін ұсынады. Сапасы да жақсы. Бұл кәсіпті отбасылық бизнеске айналдырған Рәбия Байтемірова баста ойыншықтарды Қытай мен Ираннан тасымалдап, сатып жүрді. Кейіннен мемлекет қолдауымен 10 млн. 500 мың теңге несие алып, Қытайдан аппараттар әкелді. Бұл ойыншықтармен балалар ойнайтындықтан, сапасына қатты мән береді.
Сондай-ақ “Baby plast”, “Сайрам Пласт” кәсіпорындары да тапсырыспен ойыншық өнімдерін шығаруда. Қазір қала аумағында өндірілген балалар ойыншықтары Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен еліміздің барлық қалаларына сатылуда.
Бұл зауыт туралы алғашқы ақпарат 2017 жылдары БАҚ беттеріне шыға бастады. Ол кезде бой көтергеніне енді 1 жыл болған. Құрылтайшылар алғашында ойыншық сатумен айналысыпты. Кейіннен Қытайға барып, үйреніп, меңгеріп қайтқан.
Қазір өнімге сұраныс артқан. Қырғызстан, Өзбекстаннан тапсырыс беретіндер көп. Бірақ, өзіміздің нарықтан артыла бермейді екен. Әсіресе, сапалы ойыншықты балабақшалар талап әкетеді екен. Бояуын Вьетнам, Корея, Үндістанна алдыратын көрінеді. Саудагерлер сапасына сенімді.
Қазір мұнда ойыншықтан 25-тен астам түрі құрастырылады. Легодан бастап, өздігінен жүретін көліктерге дейін, тоботтар, роботтар. Талғамға қарай таңдау көп. Ал құрылғы аппараттар Қытай мен Тәжікстаннан келеді. Кәсіпкер отбасы алдағы уақытта өз өндірістерін Қазақстан бойынша танымал етіп, экологиялық қауіпсіз, сапалы ойыншықпен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
2000 символ