aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жамбыл облысында мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Жамбыл облысында мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан
0
SHARES
54
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 13 жасар оқушыға түсік жасалған. Алайда, бұл туралы оқушының ата-анасы хабарсыз. Себебі оқиға мектеп-интернатта болған. Ал мектеп әкімшілігі оқушыны Қаратау қаласына апарып, түсікті жеке гинекологқа жасатқан, деп хабарлайды Kazinform.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, биыл мамыр айында полицияға 13 жасар қыздың анасы арызданған. Ол 55 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтқан.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бөлімінің 4-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айыпталушының зорлау жасағаны дәлелденді, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қараша айында қылмыстық іс сотқа жолданды. Мектеп басшылығына қатысты ҚР ҚК 434-бабы, қылмыс туралы хабарламағаны үшін қылмыстық іс тіркелді. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан релизінде.

Анасының айтуынша, ер адам оқушы қызға телефон сыйлап, онымен жыныстық қатынасқа түскен. Ақырында ол жүкті болып, қыз анасына шындықты айтып беруге бел буады. Бірақ ер адам, жоғары лауазымда таныстары барын айтып, қауіп төндірген.

«Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ол аяқталғанша ештеңе айта алмаймын. Күдікті «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген», – деді Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағамбетов.

Алдыңғы жаңалық

Ақтөбенің экс-әкімі жазадан құтылу үшін танысына ақша беріп, алданып қалды

Келесі жаңалық

Маңғыстауда қатты желден тұрғын үйлердің шатыры ұшты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі