Астанада жеті жасар қыз жүйелі түрде отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырап, елордадағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балалар омбудсмені Instagram желісіндегі парақшасында баланың ауыр тағдырымен бөлісті.
Оның айтуынша, қыз бала үйіне оралмас үшін ауруханадан шыққысы келмейтінін айтқан.
«Ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала үйіне қайтпау үшін аураханада қалуды сұрады», — деп жазды Зәкиева.
Оның айтуынша, мектепте қыздың денесінде ұрып-соғу іздері табылған. Үйде одан бөлек тағы 6 бала бар көрінеді.