Синоптиктер 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Өзге өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз, көктайғақ болады, жел 5-10, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C болуы мүмкін.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +20…+22°C болады.