aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Прокуратура: Алматы облысында жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды

28 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Прокуратура: Алматы облысында жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысының прокуратурасы мобильдік топтардфң бір айда 400 астам отбасыны тексергенін мәлімдеді. Оның ішінде полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар, тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, сондай-ақ балалар өгей әкелермен тұратын отбасылар анқталды.

Жалпы, біріккен рейдтер нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 51 ата-ана тартылды, оның ішінде:

38 тұлға ӘҚБтК 127-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау);
7 тұлға ӘҚБтК 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу);
3 тұлға ӘҚБтК 73-2-бабы бойынша (Ұрып-соғу);
2 тұлға ӘҚБтК 442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы);
1 тұлға ӘҚБтК 73-1-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру).
«Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды, сотқа ата-ана құқықтарын шектеу туралы 7 талап қою берілді. Азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді. Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды», — деді прокуратура өкілдері.

Мысалы, Іле ауданында аштан жүдеу, сөйлеуге және жүруге мұршасы қалмағанған 6 жасар Ч.М. анықталды. Бала жедел түрде «Екі жақты пневмония» диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді.

Райымбек ауданында үш баласы аштан жүдеу отбасы анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, қысқы қиім сатып алынды, екі бала жазылған соң балабақшаға, ал үлкені мектеп интернатқа орналастырылатын болады.

Балқаш ауданында үш отбасында өгей әкелер балаларды ұрып-соққаны анықталды, полиция органдарымен кінәлі тұлғаларға қатыcты ӘҚБтК 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.

Azattyq Ruhy

Алдыңғы жаңалық

Петропавлда өгей әкесі мен шешесі ұрған 7 жасар қыз ауруханаға түсті

Келесі жаңалық

Атырауда университет деканы 6 жыл бойы заңсыз жалақы алып келген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі