aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Youtube

Семейде мас адам кішкентай қызға пәтерге баруды ұсынған

8 декабря, 2023
in Youtube, Жаңалықтар
0
Семейде мас адам кішкентай қызға пәтерге баруды ұсынған
0
SHARES
230
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды. Күдікті азамат УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде ер адамның көшеде келе жатқан қызға шабуыл жасағаны жайында видео тарады.

«Дер кезінде жетіп келген Абай облысының учаскелік полиция инспекторы баланы мас ер адамның қолынан аман алып қалды. 7 желтоқсан күні Семей қаласында учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде шыққан қыздың дауысына дер кезінде ден қойды. Қыздың даусы шыққан жерге жеткен полиция қызметкері азиялық келбеті бар ер адамның 11-12 жас аралығындағы қызды ұстап тұрғанын және үйдің кіреберісіне күшпен кіргізуге тырысып жатқанын көрді. Учаскелік полицей қызды ашулы, мас адамның қолынан босатып, өз жағына тартып, оны қорғайтынын білдірді», — делінген хабарламада.

Анықталғандай, бала Семей қаласының мектептерінің бірінің 6-сыныбында оқиды. Қарағайлы шағын ауданының үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз ер адам пәтерге баруды ұсынған.

Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес ұсталған ер адам “орташа дәрежелі” мас күйінде болған. Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраевтің уақытылы әрекет етуінің арқасында бала зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады. Абай облысы полиция департаменті ата-аналарды ерекше қырағылық танытуға және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдауға шақырады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте жол апатынан ауыр жарақат алған жүкті келіншекке күрделі ота жасалды

Келесі жаңалық

Тоқаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығымен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі