Алматылық оқушылар ертеңнен бастап мектепке барып оқиды, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қаласының Білім басқармасы 15 желтоқсан күні 0,1-9 сынып оқушылары дәстүрлі оқытуға көшетінін мәлім етті.
Синоптиктердің болжауынша, 15 желтоқсанда Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы — 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20 градус, күндіз -6-8 градус аяз.