aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Президент Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

16 января, 2024
in Билік
0
Президент Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысына Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады.

Атап айтқанда, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5% өсіп, 1 трлн теңгеден асқан. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы сомасы 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған;

Алдағы 5 жылда өңірдің өз кірісін 100 млрд теңгеге арттыру жоспарланып отыр.

Алдын ала есеп бойынша былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3,8 трлн теңге болған.

Ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 1,1 трлн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.

Саланы әртараптандыру нәтижесінде 3,3 млн тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды. Бұл — рекордтық көрсеткіш.

Ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттыруға, суды үнемдеуге ықпал ететін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар енгізіліп жатыр.

Облыстағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211 мыңға жетіп, 1,6 трлн теңгенің өнімі өндірілген.

Облыста жалпы сомасы 407,5 млрд теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Үш мыңға жуық отбасы баспаналы болды.

Былтыр бюджет есебінен 35 мектептің құрылысы жүргізіліп, 20 мектеп ашылды.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста үш жыл ішінде 49 мың оқушыға арналған 63 мектеп салынады.

Өткен жылы облыстағы 20 елді мекенге жаңадан ауызсу құбыры тартылды. Тоғыз ауылдағы ескірген су тарту жүйелері жаңартылды.

62 газбен қамту нысанының құрылысы аяқталып, 48 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде берген тапсырмаларын жүйелі әрі сапалы орындау қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Түркістан өңірін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

Қызылордалық мұғалімдер Түркияның түнгі клубында сауық құрғаны үшін жұмыстан шығарылған жоқ

Келесі жаңалық

Президентке Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі