aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президентке Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды

16 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Президентке Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президентке Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5 пайызға өсіп, 1 триллион теңгеден асқан. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы сомасы 30,2 миллиард теңге болатын 20 жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған.

Облыс әкімінің айтуынша, алдағы 5 жылда өңірдің өз кірісін 100 миллиард теңгеге арттыру жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3,8 триллион теңге болған. Ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 1,1 триллион теңгені құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Саланы әртараптандыру нәтижесінде 3,3 миллион тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Президент тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттыруға, суды үнемдеуге ықпал ететін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар енгізіліп жатыр.

«Мемлекет басшысына өңірдегі шағын және орта бизнестің даму барысы туралы баяндалды. Дархан Сатыбалдының айтуынша, облыстағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211 мыңға жетіп, 1,6 триллион теңгенің өнімі өндірілген. Облыста жалпы сомасы 407,5 миллиард теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Бұдан бөлек, былтыр бюджет есебінен 35 мектептің құрылысы жүргізіліп, 20 мектеп ашылды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста үш жыл ішінде 49 мың оқушыға арналған 63 мектеп салынады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президентке аймақтағы ауылдарды сумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы таныстырылды. Өткен жылы облыстағы 20 елдімекенге жаңадан ауызсу құбыры тартылды. Тоғыз ауылдағы ескірген су тарту жүйелері жаңартылды. Сондай-ақ 62 газбен қамту нысанының құрылысы аяқталып, 48 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде берген тапсырмаларын жүйелі әрі сапалы орындау қажет екенін айтты. Сондай-ақ Түркістан өңірін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

Президент Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Келесі жаңалық

ШҚО-да төтенше жағдай жарияланған ауданда азық-түлік тікұшақпен жеткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі