aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Youtube

Полицейді көлігімен біраз жерге апарды

30 января, 2024
in Youtube, Жаңалықтар
0
0
SHARES
41
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астаналық мас жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, көлігімен сүйреген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мас жүргізуші – қылмыскер!” жергілікті рейдтік іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері KIA көлігінің жүргізушісін мас күйінде ұстады. Хабарлама күндізгі уақытта “102” пультіне түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Мәскеу мен Потанин көшелерінің қиылысында жолдың қарсы жағындағы KIA көлігін анықтаған.

Сақшылардың тоқтату талаптарын елемеген жүргізуші жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, көлікті жүргізуін жалғастыра берген. Алайда ол көше қиылысында алдынан көліктер тұрғандықтан бағдаршамның қызыл түсіне тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде полицей көлікке жүгіріп келіп, есікті ашпақ болғанда жүргізуші жылдамдықты арттырып, инспекторды жол бойымен 20-30 метрдей сүйреп әкеткен.

Өз өмірін қауіпке тігіп, құқық бұзушының көлігін арпалысып жүріп тоқтатқан полицейлер оны салоннан алып шығып, дереу тиісті шара қолданған. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Сонымен қатар 23 жастағы жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік кодекстің екі бабымен – ішкі істер органы қызметкерінің заңды талабын орындамау және масаң күйде басқаруға құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Алдыңғы жаңалық

«Ордабасы» футбол клубының 4,2 млрд теңге қарызы қалалық бюджет есебінен жабылды

Келесі жаңалық

Кентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі