aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр

31 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Кентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр. Себебі 60 мың тұрғыны бар шағын шаһарда қараша айынан бері жөнді жылу жоқ. Сондықтан электр пешімен тізесін жылытқан тұрғындар ақы төлемейміз дейді. Бұл туралы  КТК арнасы хабарлайды.

«Жылу жоқ. Мен пеш қосып электрмен отырмын. Алты балам бар, үйіміз мұздай. Келсе, әкімді бір күнге үйге шақырайын деген едім, бір қонып кетсе екен деп, бала-шағаммен қосылып. Үйімізде бір грамм жылу жоқ. Әкімшілікке төрт мәрте бардым. Келіп тексерген де жоқ. «Ойбай, қосамыз, бүгін-ертең қостық» дейді. Бірақ қосылған жоқ. Жарықпен отырмыз. Айына 15-20 мың келіп тұрыпты», — дейді қала тұрғыны Севара Акрамова.

Дірдектеген жұрт жаппай электр құрылғыларын қосқан соң, ескі желілер шыдамай, жарық жиі сөнеді екен. Тұрғындар үйінде қалың киіммен жүріп үйренген. Бірақ жергілікті шенеуніктер тұрғындардың сөзімен келіспейді. Кентауға жылу беруі тиіс энергоорталықтың былтыр ғана төрт қазандығы жөндеуден өткізілген дейді. Тіпті ақпан айында тағы бір қазандығын іске қосамыз дейді шенділер. Ал пәтерлердің жылымай тұрғанына тұрғындардың өзін кінәлады.

«Негізі энергетика заңы бойынша әр тұрғын өзі көпқабатты тұрғын үйде жазда стояктарын ауыстыруы керек. Радиаторларын тазалау керек. Өкінішке қарай ондай жұмыстар жүргізілмеген. Қазір біз температураны тұрақты беріп жатырмыз. Кейбір үйде жылы», — дейді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов.

Алдыңғы жаңалық

Полицейді көлігімен біраз жерге апарды

Келесі жаңалық

Қостанайда клиенттің таксиде шу шығарған видеосы тарады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі