aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СҚО-да арақ-шараптан мүлде бас тартқан бес ауыл бар

5 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
СҚО-да арақ-шараптан мүлде бас тартқан бес ауыл бар
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 219 адам мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емделуге жіберілді, оның 120-сы бұған дейін де наркологиялық диспансерде ем алған.

СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, маскүнемдік – қоғамның үлкен проблемасына айналған. Статистика бойынша, қылмыстардың төрттен бірі мас күйде жасалады.

«Алкоголизммен күресу үшін барлық шараларды қолға алып жатырмыз. Соның бірі – маскүнемдерді мәжбүрлі түрде емдету. Бірақ, өкінішке орай, бір адамды бірнеше рет емдетуге тура келіп жатады. Былтыр 200-ден аса адам наркологиялық орталыққа жатқызылса, соның жартысынан астамы ол жерге қайта түскен.
Екінші бағыты – заңсыз айналымнан спирттік ішімдіктерді алу. Былтыр арақ-шарапты заңсыз сатудың 300-ге жуық дерегі анықталып, 12 мың литр алкоголь тәркіленді», — дейді Айдын Қабдұлдинов.

Спирттік ішімдіктер сатып, заңсыз пайда тапқан 559 адам полицейлердің есебіне алынды. Жалпы заңнаманы бұзғандарға 10 мың әкімшілік хаттама толтырылғын.

«Облыста арақ-шараптан толық бас тартқан бес ауыл бар, олар: Тайынша ауданындағы Теңдік ауылы, Айыртау ауданындағы Қарасай батыр және Бірлестік ауылдары, Есіл ауданының Қарағай ауылы және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Ковыльное елді мекені.
Бұл ауылдарда барлық той-томалақ спирттік ішімдіктерсіз өтеді. Дүкендерінде алкоголь сатылмайды», — дейді департамент бастығы.

Сондай-ақ былтыр көлікті мас күйде басқарған 1164 жүргізуші анықталып, тиісті жазасын алған.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда 2024 жылы 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ

Келесі жаңалық

Мемлекет 1 тонна пластик қалдыққа қанша субсидия төлейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі