aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бүгіннен бастап қоқыс сатып алатын порталға тіркелу басталады

5 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Бүгіннен бастап қоқыс сатып алатын порталға тіркелу басталады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгіннен бастап қалдықты қайта өңдеушілерге «электронды аукцион» принципімен қалдық сатуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйеге тіркелу басталады.

Бұл туралы «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Бүгіннен бастап EcoQoldau автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Жақын арада өңірлерді материалдық-техникалық жарақтандыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру басталады. EcoQoldau қалдықтарды басқару саласындағы бизнес процестерді жеңілдетіп, елдегі экологиялық ахуалға оң әсер етеді. 2021 жылы осы мақсатта 6,1 млрд теңге төленді. Оның ішінде автокомпонеттерді қайта өңдеуге 1,1 млрд теңге, пластик, картон, шыны қаптамаларды қайта өңдеуге 5 млрд теңге төленді», — деді «Жасыл даму» АҚ басшысы.

Сондай-ақ, ол EcoQoldau автоматтандырылған жүйесі арқылы қалдық сату қалай іске асатынын түсіндірді.

«Бірінші жеке немесе зады тұлға мобильді қосымша арқылы жүйеге тіркеліп, жиналған қалдықты сататыны туралы өтінім қалдырады. Одан әрі қалдық жинаушылар өз бағаларын ұсынып, қалдық иесінен оны сатып алады. Жинаушылар ай бойы жинаған қалдық туралы деректі EcoQoldau жүйесіне енгізіп, хабарландыру жариялап отырады. Жинаушылар көңілінен шыққан сатып алушымен келісімшарт жасайды. Одан кейін жинаушы қалдықты тасымалдау жөнінде хабарландыру шығарады. Ал оны кімнің таситынын қалдық иесі дербес таңдап, қалдықты қайта өңдеушіге дейін жеткізу туралы келісімшарт жасасады. Қайта өңдеуші сенімді салмақ өлшейтін құрал арқылы сатып алынған қалдықты қабылдап, тиісті актіге қол қояды. Осыдан кейін қалдықты сатушы мен қайта өңдеуші операторға есеп жібереді. Сол есептің негізінде төлем жасалады. Қалдық сатушы аяқталған айдың есебін келесі айдың 15-іне дейін, қалдық өңдеушілер толған тоқсанның есебін келесі айдың 25-іне дейін жіберуі керек. Бұл процесс ақпараттық жүйеге тіркелген барлық пайдаланушыларға қолжетімді. Баға саясатын нарықтық қатынас реттейді», — деді Ержан Сәрсенбай.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекет 1 тонна пластик қалдыққа қанша субсидия төлейді

Келесі жаңалық

Үкімет отставкаға кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі