aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент сынынан кейін әлеуметтік төлемдер қысқартыла ма – Тамара Дүйсенованың жауабы

7 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Президент сынынан кейін әлеуметтік төлемдер қысқартыла ма – Тамара Дүйсенованың жауабы
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында қайта жасақталған Үкімет әлеуметтік саясатты қалай жүргізетінін айтты.

«Президент әлеуметтік төлемдердің көлемін көбейту арқылы халық арасында масылдық қалыптастыруға жол берілгенін айтты. Бұл әлеуметтік төлемдер қысқартылады деген сөз бе?» — деп сұрады журналист.

Вице-Премьер ондай ұстаным жоқ екенін атап өтті.

«Жоқ. Жалпы Президент мемлекеттік көмек мұқтаж азаматтарға берілу керек деген басты қағидатты ұстап отыр. Ол өте дұрыс деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі таңда әлеуметтік заңнамаларда қарастырылған әлеуметтік көмектердің саны ешқандай кемімейді. Бірақ тағайындаған кезде мұқтаж азаматтарға беру мәселесін, әлеуметтік теңдікті қалыптастыру мәселесін қарастырып отырмыз. Сондықтан біз негізінен келген азаматтар мұқтаж ба, мұқтаж емес пе, соған көбірек көңіл аударамыз», — деді Тамара Дүйсенова.

Үкімет басшысының орынбасары атаулы әлеуметтік көмек алатын халықтың саны кейінгі 3-4 жылда 2 миллионнан 500 мыңға дейін қысқарғанын айтты.

«Естеріңізде болса, бұдан 3-4 жыл алдын 2 млн азамат атаулы әлеуметтік көмек алған. Сонда тексерілген кезде, оның ішінде сіздердің де көмектеріңіз арқылы өте көп азаматтың үй-жайы бар екеніне, табысы бар екеніне көз жеткізген болатынбыз. Қазір бұл мәселе жұмыс істеп жатыр. Бірақ механизмдерін әрі қарай жетілдіреміз. Өткен жылдың есебін қарасаңыз, 500 мыңнан астам адам атаулы көмек алған. Сонда біз және жергілікті мемлекеттік органдар нағыз мұқтаж азаматтардың санатына келе жатырмыз деп айтуға болады», — деді ол.

Алдыңғы жаңалық

Мәселенің сәнінен гөрі мәніне назар аударамыз – Үкімет басшысының Президентке уәдесі

Келесі жаңалық

Алматы облысында 8 сынып оқушысы мен мұғалім арасында дау шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі