aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Атырауда кәріз суының кесірінен үйдің іргетасы мен қабырғалары құлап жатыр

9 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Атырауда кәріз суының кесірінен үйдің іргетасы мен қабырғалары құлап жатыр
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атырауда кәріз суының кесірінен үйдің іргетасы мен қабырғалары құлап жатыр. «Береке» ықшам ауданындағы 300-ден астам үйден береке қашқалы біраз болды. Алғашында үй көгеріп, сылағы түссе, енді еден асты суға толып, қабырға жарыла бастаған. Шыдамы шегіне жеткен жұрт биліктен кәріз жүйесін тезірек жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Астана арнасы.

Дәріш Шынғалиева пәтерінің бір бөлмесін жауып тастаған. Қабырғасы қанша жөндесе де құлап жатыр. Сыздың иісі қолқаны қабады. Оның көршісі Нұрсұлу да кәріз суы аулаға ғана емес, еденнің астына жайылғанын айтады.

Жер бетіне шығып кеткен кәріз суы осы маңдағы 300-ден астам түтіннің бас ауруына айналғалы көп болды. Әбден ашынған халық жиі ауысатын әкімдердің бәріне шағымданған. Бірақ шенділер уәдені үйіп-төгіп, түк бітірмеді,- деп өкпелі.

«Жақында әкім де келіп кетті Кейкин Шәкір деген. Бірақ шешілетін шаруа көріп тұрған жоқпыз. Не үшін? Былтыр да сондай уәде берді осыдан алдындағы әкіміміз. Элеваторныйда дренаж ашылды жаңадан. Қосамыз,- деді. Бірақ бұл жерде 300-ің үстінде үй бар. Ештеңе жасалып жатқан жұмыс жоқ. ПЗД жоқ», — деді «Береке» ықшам ауданының тұрғыны Бауыржан Сисенов.

Тұрғындармен кездесуді әкім де, орынбасарлары да жөн көрмесе керек. Бөлім мамандарын жіберіпті.

«Наурыз айындағы мәслихаттың нақтылауынан ақша сұратайын деп отырмыз жоба жасақтауға. Жоба жасақтау ағымдағы жылы жоба жасақтау жоспарлап отырмыз. Жоба жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алған соң құрылыс жұмыстарын жүргіземіз», — деді қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Абылай Ғұмаров.

Кәріз жүйесі түгілі, оның жобасына қаржы бөлінбегенін ескерсек, әзірге берекеліктерге кәріз суының үстінде отыра тұруға тура келетін сыңайлы.

Алдыңғы жаңалық

«Қазселденқорғау» мекемесі Алматыдағы лай көшкінінің басты себебін атады

Келесі жаңалық

Бүгін Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі