Бүгін Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
«2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», — деп жазылған хабарламада.