Түркістан облысында құдықтың құбырына құлап кеткен қыз қайтыс болды, деп хабарлайды КТК.
29 жастағы қыз тар құбырға түсіп кеткеннен кейін көз жұмды. Оның ол жерге қалай түсіп кеткені әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.
30 құтқарушы бірнеше сағат бойы қызды құбырдың түбінен алып шығуға тырысты. Олар тіпті жергілікті тұрғынның көмегіне жүгінді. Жер бетіне көтерілгенде, қыз әлі тірі еді. Бірақ бірнеше минуттан кейін ол жан тапсырған.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға кеше таңертең Майтөбе ауылының маңында болған. Қыз құдықтың құбырына құлап кетті немесе оны біреу итеріп жіберді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.