aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Парламент вейптерге тыйым салатын заңды бекітті

20 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Парламент вейптерге тыйым салатын заңды бекітті
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына Сенаттың жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптарымен келісті.

Заң халықты сапалы және толықтай медициналық көмекпен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу арқылы зиянды өтеуге мемлекет кепілдік берген пациенттердің құқықтарын іске асыру, медициналық мамандықтың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әзірленді.

Айта кетейік, 14 наурызда Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын екінші оқылымда қарады. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.

«Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті аталған заңның жекелеген баптарына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарап шықты. Бұл тұрғыда, шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауаптылық енгізілген. Осыған байланысты Сенат депутаттары аталған іс-әрекет үшін осы заңды әкімшілік жауаптылықты болғызбайтын нормамен толықтыруды ұсынды», — деді Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова.

Яғни вейптердің саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр.

Бұдан басқа, шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған түрлі іс-шараларды, оның ішінде жүлделер ұтыс ойындарын, лотереяларды өткізуге тыйым салуды белгілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Сенат депутаттары жекелеген баптарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар осыған дейін Парламент Мәжілісі қабылдаған заңның тұжырымдамасын өзгертпейді және оның мазмұнын нашарлатпайды. Осы орайда аталған заңның жекелеген баптарына Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынамыз», — деді депутат.

Алдыңғы жаңалық

Павлодар облысы әкімі орынбасарына тағылған «қыз зорлау» айыбы дәлелденді ме?

Келесі жаңалық

Азаматтарға жұбайының келісімінсіз банктік кредит берілмейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі