aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Азаматтарға жұбайының келісімінсіз банктік кредит берілмейді

20 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Азаматтарға жұбайының келісімінсіз банктік кредит берілмейді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды Сенат қарауына жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заңға сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруге 2026 жылға дейін мораторий енгізілмек.

Мораторий аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін қарыз алушыға қатысты берешекті реттеу жөніндегі рәсімдерді жүргізіп, қарыз алушы өзінің қарызы бойынша берешегін өтей алатын, тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету шартымен мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 24 ай ішінде жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес кредиттерін коллекторлық агенттіктерге сатуға шектеулер енгізілетін болады.

PDL микрокредиттерін немесе жалақыға дейін деп берілетін шағын несиелерді реттеудің ерекше режимі алып тасталады.

Сонымен бірге, банк омбудсманына тек банктік қарыздар бойынша дауларды қарау жөніндегі өкілеттікті бекіту туралы және микрокредиттер бойынша дауларды қарау жөніндегі құзыретін бере отырып, микроқаржы омбудсман институтын енгізіледі.

«Көптеген қарыз алушы-жеке тұлғалардың қаржылық сауаттылығының төмендігін ескере отырып, омбудсмандардың жұмысы проблемалық кредиттерді реттеу бойынша азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге әкелетініне сенімдіміз», — деді депутат, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев.

Оның айтуынша, енді бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар тұратын отбасыларды жылыту маусымында шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жеке тұлғаға жұбайының немесе зайыбының келісімінсіз банктік қарыздар беруге тыйым салынады, әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне қарыз бойынша төлемдерді кейінге қалдыру процесі автоматтандырылады.

Алдыңғы жаңалық

Парламент вейптерге тыйым салатын заңды бекітті

Келесі жаңалық

Алматыда науқас тубдиспансерден қашып кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі