aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыда науқас тубдиспансерден қашып кетті

20 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Алматыда науқас тубдиспансерден қашып кетті
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда тубдиспансердің дуалын аттап, сыртқа қашып бара жатқан науқастың суреті желіге шықты.

Желіге шыққан ақпаратқа сәйкес, Алматы туберкулез диспансерінің науқастары сыртқа еркін шығып, көшеде қыдырып жүреді.

«Бұл жерде балабақша мен дүкендер бар. Жергілікті тұрғындар шара қабылдауды талап етеді» делінген видеодағы жазбада.

Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының әкімшілігі аталған оқиғаға қатысты стационар комиссиясы науқасты тексеріп, онымен әңгіме жүргізгенін, сондай-ақ, аурухана режимін сақтамағаны жөнінде хаттама толтырылғанын хабарлады.

«Ауруханада пациенттерге бақылау жүргізіледі, барлық қызметкерлерге пациенттерді қажет болған жағдайда ғана өткізу туралы нұсқау берілген. Сондай-ақ, Дегдар көшесі, 45 мекенжайында орналасқан Фтизиопульмонология орталығына туберкулездің жұқпалы және жұқпалы емес түрімен де науқастар түсетінін айту керек. Екі апталық емдеуден соң науқастар басқа адамдарға қауіп төндірмейді, олар амбулаторлық ем ала алады» деп жауап берді аурухана әкімшілігі.

Сондай-ақ аурухананың мәліметінше, бактериялық бөлінуі жоқ пациент қажеттілігі бойынша рұқсат қағазы арқылы сыртқа шығуына мүмкіндігі бар екенін хабарлады.

«Егер науқаста бактериялық бөліну жалғасса, аумақтан сыртқа шығуға рұқсат етілмейді. Десек те, режимді бұзушылар кездеседі. Әр науқас стационарға түскен кезде олармен ауруханалық режимді сақтау жөнінде әңгіме жүргізіледі» деп хабарлады Алматы қаласының фтизиопульмонология орталығының әкімшілігі.

Алдыңғы жаңалық

Азаматтарға жұбайының келісімінсіз банктік кредит берілмейді

Келесі жаңалық

Батыс Қазақстанда 670 млн теңге тұратын контрабандалық тауарлардың жолы кесілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі