aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шытырман

Қаржыны тойға емес көмекке жұмсады

22 апреля, 2024
in Шытырман
0
Қаржыны тойға емес көмекке жұмсады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Түркістан өңірінен гуманитарлық көмек жіберуге облыс жұртшылығы белсене атсалысып жатыр. Мәселен, Түркістан қаласындағы 1-ші мөлтек аудан тұрғындары атсалысқан гуманитарлық қолдау жолға шықты. Ішінде генератордан бастап, ауыз су, дәрі-дәрмек пен жылы киімнен басқа 25 тоннадай азық-түлік тиелген жүк көліктері жөнелтілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Түркістан облысы ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер, Ассамблея мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына белсене көмек көрсетуде.
«Біздің күшіміз – бірлікте» деген ұстанымды тірек еткен «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласына 1 жүк көлігіне тиелген 10 тонна кезекті гуманитарлық көмек керуенін жөнелтті. Жүк көліктеріне негізінен азық-түлік, көрпе-төсек, су сорғыш насос, қайық, су костюмі және құрылыс материалдары артылған. Бұл орайда, өңірдегі Ассамблея жастары су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы 6 млн теңгеге көмек жіберді.
Ал Түркістан облысы ҚХА жанындағы әзербайжан этномәдени бірлестігі су тасқынынан зардап шеккендерге 2,5 млн теңгеге азық-түлік жіберді. Жалпы бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер тарапынан су басқан өңірлерге гуманитарлық көмек жолданып келеді.
Сондай ақ, су басқан өңірлерге көмек көрсету ісінен Төлеби ауданының тұрғындары да құр қалып жатқан жоқ.
«Отандастарымыз тасқын судан зардап шегіп отырғанда, той тойлауымыз жарамас. Сондықтан Наурыз тойын тойлауға жиналған қаржыны су басқан аймақтарға гуманитарлық көмекке жұмсасақ дұрыс болар деп ойлаймыз»- дейді ауыл белсенділері.
Нәтижесінде Кемеқалған, Тасарық, Қасқасу ауылдық округ халқы мен Дарын мектебінің ұстаздары атынан алынған 5 тонна азық-түлік, жастық-көрпе, қажетті гигиеналық заттар тиелген жүк көлігі жолға шығып, тиісті орынға жеткізілді.

Алдыңғы жаңалық

Орал қаласында 116 саяжай бірлестігін су басты

Келесі жаңалық

Тасқыннан қырылған құжатсыз малдың өтемақысы қалай төленеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі