aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Орал қаласында 116 саяжай бірлестігін су басты

22 апреля, 2024
in Uncategorized
0
Орал қаласында 116 саяжай бірлестігін су басты
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орал қаласында өзен жайылмаларында орналасқан 116 саяжай бірлестігін су басты.

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің мәлім еткеніндей, бұл саяжайларда 2 073 отбасы (6 888 адам) тұрады.

Қалияр Шадиярұлының сөзіне қарағанда, күні бүгінге дейін облыстың алты ауданы мен Орал қаласында 1 292 тұрғын үйді су басса, соның 902-сіне тұрғындар қайтып оралды. 375 үйде ешкім тұрып жатқан жоқ. 15-і бос тұр.

«Өңір тұрғындарына су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық залалды бағалау жұмыстары басталды. Қазіргі таңда суға кеткен үйлердің 1150-іне техникалық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес 276 тұрғын үй жарамсыз болып танылды. 47-сі күрделі жөндеуге жатады. 590 нысанға бағалау жүргізілді», — деді Қ.Айтмұхамбетов.

Оның айтуынша, облыс бойынша 108 мектепте 75 962 оқушы онлайн білім алып жатыр. Алдын ала су басқан учаскелерден эвакуациялау үшін 8 596 орындық 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Жалпы, су тасқыны басталғаннан бері барлығы 13 880 адам қауіпсіз жерге көшірілсе, соның 5 748-і – бала. Қазіргі таңда 14 эвакопунктте 2 363 адам жатыр. Эвакуациялық пункттер қажетті азық-түлік, медициналық көмекпен қамтылған.

«Жайық өзені бойында орналасқан Орал қаласы мен Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 84 елді мекеніне қауіп әлі төніп тұр. Қаланы есептемегенде, бұл ауылдарда 80 мыңнан астам халық тұрып жатыр. Сәуір айынан бастап Жайық өзені бойындағы елді мекендерде ұзындығы 135 шақырым биіктігі 2-4,5 метр бөгеттер тұрғызылуда. 1,1 млн-ға жуық құм салынған қапшық төселді. Бөгеттерді бекітуге 1 336 арнайы техника тартылса, соның 861-і – өзге өңірлерден көмекке келгендер. Күні бүгін 7 мыңға жуық облыс тұрғындары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен қатар 3,5 мыңнан астам әскери қызметшілер тасқын сумен күресуде», — деді Қ.Айтмұхамбетов.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, күні бүгінге дейін 13 044 саяжай үйі суға кетті. Апаттық-құтқару жұмыстарына 10 647 адам, 1 919 техника, 213 су сору құралы, 194 қайық және 5 тікұшақ жұмылдырылған.

Алдыңғы жаңалық

«TURKISTAN» телеарнасы - өңірдің айнасы

Келесі жаңалық

Қаржыны тойға емес көмекке жұмсады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі