aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үш отбасы баспаналы болды

23 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Үш отбасы баспаналы болды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында үш отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Қайырымдылық шарасы демеушілер есебінен жүргізілді. Қабырғасы қаланып, бой түзеген баспаналар әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж деп танылған үш отбасына табысталды.
Әр үй 85 шаршы метрді құрайды, үш бөлмесі, асханасы және арнайы шомылу бөлмесімен қамтамасыз етілген. Электр желісіне, табиғи газ бен ауыз су жүйесіне қосылған.
Түрғындардың бұл қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков отбасыларға ізгі тілек-ниеттерін білдірді.
Бұған дейін бұл тұрғындар баспанаға мұқтаж екенін айтып, облыс әкімінің қабылдауында болып, көмек сұраған болатын. Үйсіз-күйсіз жүрген тұрғындардың мәселесіне бей-жай қарамаған өңір әкімі демеушілер есебінен өтініштерін қанағаттандырыпты.
– Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – ең өзекті әрі маңызды мәселе. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, жақсылыққа толсын. Шын жүректен құттықтаймын! – деді Дархан Сатыбалды.

Иә, ел ішінде қайырымды азаматтар аз емес. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың қазіргі таңда өз күшімен бір үй алуға шамасы келе бермейді. Осы себепті қайырымды халық өз қалталарынан жылу жинап, осындай отбасыларды қолдап, үй әперуге ниетті. Осындай азаматтар да халық арасынан шығып отыр. Көпшілікке қол салмай, өз қалтасынан шығындалып, бір отбасыны баспаналы етіп, алғысын алып отыр.
Баспана кілтін табыстау сәтінде баспаналы болған тұрғындар осы игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын жаудырды.
Қазіргі таңда облыс орталығында үй кезегінде 17 мыңға жуық адам тіркелген. 2014 жылдан бері Түркістан қаласында кезек бойынша 3298 пәтер үлестірілсе, демеушілер есебінен 50-ге жуық баспана тарту етілген.

Алдыңғы жаңалық

Алматыда шетел азаматы өзінің танысын өлтірген

Келесі жаңалық

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі