aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

23 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында орналасқан штабта жинақталып белсенді жастар мен волонтерлар көмек керуенін су басқан өңірлерге жеткізу үшін жүк көлігіне арту жұмыстарын іске асыруда.
«Облыстағы ардагерлердің Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, облыстық штабқа азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмысқа қажетті заттардан құралған гуманитарлық көмек жеткізді.
-Бірнеше жыл бұрын өңірімізде орын алған төтенше жағдайда ел бірлігі мен нақты көмектерді көрдік. Жақсылыққа екі есе жақсылықпен қайыруға тырысатын халықпыз. Бұл қиындықта жеңіп шығамыз,- дейді қоғамдық бірлестік өкілдері.
Сондай-ақ, Түркістан облысы, Отырар, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылы округіне қарасты Қызылсеңгір елді-мекені, Созақ ауданы Таукент ауылының тұрғындары мен Түркістан облысының прокуратурасы Батыс Қазақстан облысындағы табиғи су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созды. Сонымен қатар 500-ден астам ерікті жастар мен түрлі сала қызметкерлеріне Түркістан облысының атынан ыстық тамақтар берілді.
Орал тұрғындары қиын-қыстау кезеңде көмек көрсетіп, қолғабыс жасап өңірмен бірге екендіктерін білдірген Түркістан облысының халқына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Белсенділер алғашқы күннен бастап, гуманитарлық көмек пункттеріне облыстан жіберілген көмектерді орналастырып, қапшықтарды толтырып бөгеттер тұрғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында арнайы штабта белсенді жұмыс істеуде.

Алдыңғы жаңалық

Үш отбасы баспаналы болды

Келесі жаңалық

«Таза Қазақстан» сенбіліктің үшінші аптасы қарқынды жүруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі