Ел көлемінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен басталған республикалық экологиялық акция бес атаулы апталыққа бөлінген болатын. Әр апталықта барлық өңір тұрғындары мен қызметкерлері табиғатқа қамқорлық шараларын өткізіп, экологияның жақсаруына атсалысып келеді.
Бес аптаға созылатын бұл науқанның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» деп аталады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен, «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және қала белсенділерінің қатысуымен Түркістан әуежай бағытындағы жол бойында ағаш егу жұмыстарын жүргізілді.
Аталған акцияға Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы аумағына қарасты жерлерді тазалау және ақтау жұмыстарын жүргізіп, белсене қатысты.
Сондай-ақ, «Жасыл аймақ» апталығы аясындағы акцияға Жаңа Иқан ауылдық округінде өткен сенбілікте жастар белсене атсалысты. Сенбілікте «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты айналасына сенбілік жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды.
Ал “Жасыл аймақ” апталығы аясында аудандық “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасының “Мырзакент” шекара бөлімшесімен бірлесе мекемеге қарасты аймақтарға тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында қоқыстар тазартылып, арам шөптерді жұлу, әктеу артық ағаш бұтақтарынан тазартылды. “Осындай тазалық жұмыстарының арқасында жәдігерлерімізді құрып кетуден сақтап, қоқыс полигонына айналудың алдын алуда пайдасы зор. Сондықтан аудан жастарын тазалыққа шақырамыз” дейді жастар.