Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні қарсаңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап шоу — 2024» фестивалі өтті.
Кешті Түркістан облысының құрметті азаматтары Өтепберген Қуанышбаев, Бақытжан Жармаханұлы, Кеңес Мәрсәлі, Хамза Файзыұлы және ҚР «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымданының кандидаты Баян Адырбек құттықтау сөз алып, кешті ашып берді.
Кітап мерекесіне келушілерге арнайы жасақталған көрме-инсталляцияларын ұсынды.
Фестиваль аясында «Әдеби шаңырақ» айдарында ақын, дәстүрлі әнші, ХҚТУ-нің спорт және өнер факультеті, «Орындаушылық өнер» кафедрасының оқытушысы Мұсаев Жанғали Есқалиұлы мен ұстаз, ақын, мемлекеттік «Шапағат» төсбелгісінің иегері Бимырзаева Әсел Маханбетқызымен сырлы сұқбат өтті.
Спикерлер кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Кітап әсіресе, жастарға кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс.
“Бір ел — бір кітап” акциясы аясында таңдалған Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларының негізінде «Балалық шаққа саяхат» еңбегі бойынша Түркістан қаласы «АКА» «Арманда, кемелден, асқақта» шығармашылық орталығының өнерлі балалары көрініс көрсетті.
Кеш соңында «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы қорытынды сөз алып, Түркістан және Кентау қалалық және Сауран аудандық орталық кітапханасының, Түркітілдес халықтар кітапханасының директорылары Коккулова Гүлнар, Малдыбекова Гүлзада, Құрышбаева Мария, Нальшеева Құндызайға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызының алғыс хатын табыстады.