aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте демеушілер тарапынан жаңа серуен аймағы ашылады

13 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте демеушілер тарапынан жаңа серуен аймағы ашылады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі балалар пойыз жолының бойы да дәл солай демеушілер көмегімен жаңғыртылып, веложол, жаяу жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылады. Бұл туралы қала әкімі Ғ. Сыздықбеков А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алған балалар темір жолын аралау барысында мәлімдеді.

Балалар темір жолының тарихына тоқталар болсақ құрылыс 1979 жылы басталып, 1980 жылы халықаралық балалар жылы қарсаңында пайдалануға берілген. Шымкент балалар темір жолына Ғани Мұратбаев есімі беріліп, қаншама жыл қаланың мақтанышы ретінде жұмыс істеді. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын балалар темір жолы дендросаябақ маңындағы «Тұлпар» және Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадиондағы «Спорт» стансаларын байланыстырған. Бұған дейін темір жолдың жұмысы бірнеше рет тоқтатылған.

2010 жылы қайырымдылыққа қаралған қаржы есебінен қайта іске қосқан. Дегенмен, локомотив көп ұзамай толық істен шығып, депоға қойылған. Ал, 2013 жылы қалалық прокуратура балалар темір жолының қауіптілігін ескере отырып, пайдалануға тыйым салған-ды. Сонымен қатар, мамандар ондай локомотивтер өндірісте жоқ екенін, ал арнайы тапсырыспен жасату өте қымбатқа шығатынын мәлімдеп отыр.

«Балалар темір жолының бойын жаңғыртуға арналған жоба демеушілердің қаржысына жүргізіледі. Ал, мемлекет қаржысы, қала бюджеті қаладағы жоспарлы және кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге бағытталмақ. Шымкентте бұған дейін де бірнеше жоба демеушілер есебінен жаңарып, халық игілігіне берілген болатын. Біз қала бюджетін халықтың әлеуметтік жағдайына септігі тиетін маңызды жобаларға бағыттап, тиімді игеруді көздеп отырмыз. Атап айтар болсақ, жаз мезгілінде тоқтап қалатын ыстық су мәселесі, ауыз су, ирригация және кәріз жүйесі жүргізілмеген аудандар бар, осындай халыққа бірінші қажет жобаларға жұмсаймыз, Ал, балалар темір жолын қайта жаңғыртып, локомотивке тапсырыс беру мәселесі де мамандармен талқыланды. Алайда, ол экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені, ондай локомотивтің өндірісте болмауына байланысты арнайы тапсырысты орындау қомақты қаржы қажет ететіні бұған дейін де айтылды», — дейді Ғабит Сыздықбеков.
Темір жолдың жағдайымен таныстыра келе қала әкімі жағдайдың жан-жақты зерделенгенін, серуендеушілерге қауіпсіз, жағдай жасалынған аймақ болатынын айтты.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте мемлекеттік 13 емхана халыққа медициналық көмек көрсетеді

Келесі жаңалық

Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі