aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады

13 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алғашқы лекте 213 адамға грант беру жоспарланып отыр.

Шымкент қаласында 20-31 мамыр аралығында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттың І-ші легі бойынша өтінім беру басталады. Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Алғашқы лекте 213 адамға грант беру жоспарланып отыр. Мемлекеттік грант қаражаты – әлеуметтік осал топтар қатарындағы адамдарға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін алдымен порталда тіркелу қажет. Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өтіп, порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу керек (өз бетінше бизнес-план жарамайды). Соңында өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, аудандық мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Ол үшін төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
–еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
– қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;
–өңіраралық қоныс аударушылар;
–атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
–Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
Сонымен қатар, гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты бар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Грант иегері атанған азамат хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті.

1880 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте демеушілер тарапынан жаңа серуен аймағы ашылады

Келесі жаңалық

Шымкент әкімі аппарат мәжілісінде нақты тапсырмалар берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі