Қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарын қосу жайы талқыланды.
Аталған аудан халқымен кездесу барысында 124 мәселе көтерілген, қазіргі таңда 64-і орындалып, 48-і жұмыс барысында, 12 мәселе 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғар қала аумағындағы су бұрқақтарын қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қазір басқарма теңгерімінде 25 нысанда 37 су бұрқағы бар. Бүгінде демеушілер есебінен субұрқақтар қосылуда.
Қала басшысы жауаптыларға бүлінген су бұрқақтарын қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосып, жылы маусымда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді. Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Абдраманов «Соңғы қоңырау» бойынша қауіпсіздікті қамтуда қолға алынатын іс шараларды баяндады. Қала әкімі бұл ретте Білім басқармасының басшысына тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Бұл күндері жалпы білім беру ұйымдарында, ойын-сауық орындарында, жастар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп күшейтіледі.
Айта кетсек, жуырда өткен аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер көтерілген болатын. Онда инфрақұрылым жүргізуге тартылған мердігер мекемелердің жұмысы талқыланды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қазылған жолдардың міндетті түрде қалпына келтірілуі тиіс екенін, мұндай сапасыздыққа жол берген мердігерлердің қылмыстық жауапкершілік тартылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, жиында қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов мегаполистің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне тоқталды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 250,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артты.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек оқушыларды жазғы демалыспен қамту мәселесін баяндады. Биыл жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың 94 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарлануда.
2000 символ