Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде жүзеге асырылатын “Мемлекеттік қайтарымсыз грант” бағдарламасы бойынша 2024 жылы бірінші лекте 147 адам грантқа өтінім берді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарастыру бойынша комиссия отырысы 2 күнге созылды.
Алғашқы комиссия отырысы Мырзакент кенті, Жастар ресурстық орталығының ғимаратында өтті. 20-31 наурыз аралығында мемлекеттік қайтарымсыз грант алуға өтінім бергендерден 100 үміткер бірінші күні өз бизнес жобаларын қорғауы тиіс болса, 75 үміткер грант комиссия мүшелерінің алдында бизнес жобаларын қорғап, 25 адам комиссия отырысына келмеді. Белгілі себептермен келе алмай қалған үміткерлердің Қазақсан Республикасы Премьер-Министірінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірі 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығына енген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес онлайн түрде комиссия отырысына қатысу мүмкіндігі бар.
Жалпы мемлекет тарапынан қабылданатын осы секілді бағдарламалардың барынан хабарсыз жастар болуы мүмкін. Осы ретте Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында, жастар көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақтарын таратты. Іс-шараның мақсаты-жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беріп және жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпарат беру. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету –басты міндеттердің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.