Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Мақтаарал аграрлық колледжінің ұйымдастыруымен «Ел ертеңі бүгіннен басталады» тақырыбында TedX форматындағы кездесу өткізілді. Яғни, қасаң қағида ұстанған конференция, форум емес, еркін форматтағы кездесу. Спикерлер еркін пікір алмасып, ашық алаңда ешбір регламентсіз сөз сөйлей алады. Тіпті, осы еркін форматта туындаған мәселенінің де шешімі табылып жатады. Айта кетсек, TED дегеніміз тәжірибесімен бөлісу мақсатында адамдарды жинап дүние жүзінің әр түкпірінде қауымдастықтардың ұйымдастырып, өткізетін жергілікті іс-шаралар бағдарламасы.
TEDx сөзіндегі «x» — тәуелсіз ұйымдастырылған TED-шара дегенді білдіреді.
Жалпы, мұндай іс-шара өткізудегі басты мақсат — оқушыларға тәлім-тәрбиедегі жаңашылдықтарды саралап, құндылықтарды бойына сіңірген жас буынды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өскелең ұрпақты кеңінен тарту, жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларын тыңдау, өзін-өзі жетілдіру арқылы еңбек етуге деген сүйіспеншілікті насихаттау.
Аталған кездесуге аудан кәсіпкерлері Н.Омарова, Р.Шаранбетова, Жастар ресурстық орталығы директоры Н.Ошантаев, Қазақстан Азия қол күрес чемпионы Е.Дауылбаев және Жастар ресурстық орталық округ инспекторы Е.Жасұзақов қатысты. Кездесу барысында қонақтар жастармен ашық түрде әңгіме өрбітіп, жастарды толғандыратын тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, осы мәселелер төңірегінде олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жастармен жаңа идеяларды талқылап, алдағы уақытта өткізілетін іс-шараларымен танысты. Шара соңында жастар ортаға от жағып, отты айнала «Арыстың жағасында» әнін барлығы бірге шырқады.