Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырудың пайдасы артығырақ. Осы ретте Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында “Аким” атты отандық кино көрсетілімі өтті. Кино көрсетілім Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Кәсіпті оқытудағы көпсалалы колледжінде ұйымдастырылды. Кино көрсетілім соңында жастарға мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, жастармен сұхбат жүргізілді.
Сонымен қатар, «Сыр мен сымбат» қыздар клубының мүшелері және дәрігерлер кездесіп, сырлы сұхбатқұра білді. Ал 16 маусым «Дәрігерлер күніне» орай, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Кәсіптік оқытудағы көп салалы колледжінде кездесу өтті. Кездесу барысында жастар дәрігерлермен сұхбат жүргізіп, олардың жұмысындағы қызықтарымен қатар қиындақтары жайлы сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Көпсалалы кәсіптік колледжінде «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбы аясында студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Әжібай қатысты.
Еліміз қай заманда да елдікке, тыныштыққа, бірлікке соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Елімізді мекендеген түрлі ұлыстар татулық пен келісімді сақтауға, елімізді дамытуға, бейбіт тұрмыс құруға бар күш жігерін салу қажет. Сонымен қатар жастардың түрлі ағымдарға еріп адасудан сақтандыру, дұрыс бағыт-бағдар көрсету баршамыздың ортақ ісіміз. Қазіргі әлеуметтік желілердің дамыған уақытында адастырушы ағымдар жетегінде кетпеу үшін дұрыс ақпаратты тани білу қажет. Сондықтан кез келген діни уағыздарды тыңдамаған абзал.
Кездесу барысында студенттерге түрлі пайдалы ақпараттар берілді. Үнпарақтар таратылды, сауалнама алынды.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жастардың цифрлық технологияларды меңгеру, 250 және 270 форма,«e-gov» азаматтарға арналған Электронды Үкімет порталының онлайн қызметтерін өз бетінше алуын үйрету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты «Цифрлық Қазақстан» бағдарлама аясында жастардың цифрлық технологияларды меңгеру сауаттылығын арттыру мен «e-gov» азаматтарға арналған Электронды үкімет порталының онлайн қызметтерін өз бетінше алуын үйрету және Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.
Кездесу барысында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің әдіскері А.Сарсенбаев Электронды үкімет порталының онлайн қызметерін өз бетінше алуын, ЭЦҚ алуды үйрету, құжат рәсімдеуді, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін онлайн тәсілмен төлеуді және басқа да цифрлық технологияларды қолдануды мамандар арасында үйретті.