aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Ғ.Сыздықбеков олипидашыларды қабылдады

19 июля, 2024
in Uncategorized
0
Шымкент: Ғ.Сыздықбеков олипидашыларды қабылдады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы баратын болды. Төрт жылда бір келетін әлем додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лецензия иеленген. Солардың қатарында шымкенттік спортшыларымыз да бар. Олар аламан жарысқа қатысу үшін спорттың 8 түрінен 12 лицензия жеңіп алды.

Енді олар Париж төрінде ел намысын қорғау үшін бақ сынасып, өз өнерлерін көрсетеді. Осыған орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 33-ші жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы қаламыздың спортшыларымен кездесті.

Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында шаһар басшысы спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында екенін атап өтті . Олимпиада ойындарына дайындалу үшін де барлық қажетті жағдай жасалғанын мәлімдеді.

Ендігі міндет – қазақстандық спорттың әлеуетін барша әлемге тағы бір мәрте дәлелдеп, ел намысын қорғау екендігін айтты. Кездесу соңында қала басшысы спортшыларға сәтті өнер көрсетуді және жеңіспен оралуды тіледі! Айта кетейік, жуырда Ақордада Президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама спортшыларымен кездесуде Парижде басталатын дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын айтты. Сонымен қатар үздіктердің үздігі бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын атап өтіп, ел намысын қорғау абыройлы міндет екеніне тоқталды.

– Біз сіздерге зор үміт артамыз. Бүкіл халқымыз – сіздерге жанкүйер. Жалпы, қазақ спорт мектебінің мәртебесі қашанда биік. Спортшыларымыз әрдайым елге жүлдемен оралып жүр. Осы даңқты жолды абыроймен жалғайсыздар деп сенемін. Шын мәнінде, сіздердің жеңістеріңіз тұтас Қазақстанның жеңісі болмақ. Көк туымыз желбіресе, ұлтымыздың рухы асқақтайды, – деді Мемлекет басшысы.

1623 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте «QAZAQ QAZYNASY» кілемдер цехы ашылды

Келесі жаңалық

Қайтарымсыз грант алған көпбалалы ана құс шаруашылығымен айналысуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі