aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Меһнат

Қайтарымсыз грант алған көпбалалы ана құс шаруашылығымен айналысуда

19 июля, 2024
in Меһнат
0
Қайтарымсыз грант алған көпбалалы ана құс шаруашылығымен айналысуда
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік Динара Бабақулова бір жылдан бері асыл тұқымды бройлер балапандарын инкубаторда өсіріп, етін саудалап келеді. Бизнес-жобасы комиссияның шешімімен мақұлданып, қайтарымсыз қаржы алған болатын.

– Кәсіпті зерттеуге, үйренуге 70 жұмыртқаға арналған инкубатордың көмегі көп болды. Шаруашылықтан тәжірибе жинаған соң ауқымын кеңейтуді көздеп, қайтарымсыз грантқа өтінім жолдадым. Мақұлданған қаржыға сыйымдылығы 2200 жұмыртқаға арналған құрылғыны сатып алдық. 21 күннен кейін жаңа құрылғыға салынған жұмыртқадан алғашқы балапандар жарып шықты. Жартысын балапан күйінде сатып, қалғанын бірер ай көлемінде бағып, тамақтану орындарына саудалап отырмын, — дейді Динара Мелісқызы.

Іскер әйел жұмыртқа жарып шыққан күннен бастап, салмақ жинағанша ветеринарлармен кеңесіп балапандарға қажетті екпе, дәрумендерін салдырып отырады. Грант иегері қазір тез өсіп жетілетін, еті жұмсақ әрі дәмді бройлер тауықтарына сұраныс өте жоғары екенін айтады. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, мемлекеттік қолдаулар аясында ауқымды құс фермасын ашуды жоспарлауда.

Биыл Шымкентте 426 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Маусым айында комиссияның шешімімен 214 тұрғынға қайтарымсыз қаржы мақұлданды.

Айта кетсек, Шымкент қаласында әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы өз мәресіне жетті. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп, өз бизнес-идеяларын ұсынған болатын. Осы жылдың 4-11 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдын өз жобаларын қорғап, нәтижесінде 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды.

Кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар мөлшері – 400 АЕК, яғни 1 447 800 теңге. Әр қатысушының тек бір рет алу мүмкіндігі бар.

Өтінім берушілерге оңтайлы болуы үшін өтінімдер электронды форматта қабылданды. Қайтарымсыз грантқа еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар отбасылар(жұбайы/зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар отбасылар тарапынан өтінімдер түсті. Ол үшін үміткер жұмыссыздыққа тіркелген немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек. Сонымен қоса, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуға тиіс.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Ғ.Сыздықбеков олипидашыларды қабылдады

Келесі жаңалық

Алматыны көріктендірудің жаңа ережесі бизнес пен қала тұрғындарының жауапкершілігін анықтайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі