aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыны көріктендірудің жаңа ережесі бизнес пен қала тұрғындарының жауапкершілігін анықтайды

22 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Алматыны көріктендірудің жаңа ережесі бизнес пен қала тұрғындарының жауапкершілігін анықтайды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі қабылданды – кім не үшін жауапты?

Алматы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова қала аумағын көріктендірудің бекітілген жаңа ережесіне пікір білдірді. Оның айтуынша, шаралардың күшеюі уақыттың жаңа талаптарына байланысты.

«Естеріңізде болса, биыл көктемде «Таза Қазақстан» жалпықазақстандық науқаны аясында Мемлекет басшысының бастамасын орындау бойынша іс-шаралар басталды. Осы бағытта қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен әр ауданды қамтыған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Оны іске асыруға мегаполистің барлық тұрғыны мен қонағы атсалысты. Алматы қаласының аумағын көріктендірудің жаңа ережесі, менің ойымша, ортақ жауапкершілік қағидатын заңдастырудың қисынды қорытындысы болып табылады. Бұл әрбір алматылықтың жауапкершілігін және қаланы тиісті жағдайда күтіп ұстауға қатысуы керек дегенді білдіреді», — дейді Әсия Ақанова.

Мәслихат депутаты жаңа ережеге сәйкес мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар енді сол оқиғадан кейін тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті екеніне назар аударды.

«Мәдениет жөніндегі бейінді комиссияның төрағасы ретінде еліміздің мәдени інжу-маржаны болып табылатын Алматыда көптеген ірі іс-шара үнемі өткізіліп тұратынын атап өткім келеді. Енді жаңа ережеге сәйкес, мұндай іс-шараларды ұйымдастырушылар бұқаралық іс-шара өтетін орынды тиісті күйге келтіруі керек. Бұл екі миллион халқы бар қала үшін өте маңызды, өйткені, өкінішке қарай, бір керемет іс-шарадан кейін гүл егілген жердің тапталған еді. Жаңа ереже осындай іс-шараларды өткізуді реттейді», — дейді ол.

Сондай-ақ, ережеде шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің жауапкершілік аймағын айқындау жөніндегі тармақ жазылған.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту үшін көріктендіру төлқұжаты анықталды. Сыртқы келбетке, ғимараттардың қасбетіне, пандустарға қойылатын жалпы регламенттеу талаптары әзірленді. Бұл біздің қаламыздың инклюзия деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», — деп сөзін түйіндеді Әсия Ақанова.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19 шілдеде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясында депутаттар Алматы қаласының аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Бұл шаралар қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық қолайлы қалалық ортаны құруға бағытталған.

Алдыңғы жаңалық

Қайтарымсыз грант алған көпбалалы ана құс шаруашылығымен айналысуда

Келесі жаңалық

Алматыда тазалық пен көріктендіру шаралары күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі