Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Келес ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Бұл өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін тамаша мүмкіндік. Себебі, мұнда “Жастарға арналған 2,5 % несие”, “Бизнестің жол картасы-2025”, “Бастау бизнес” жобасы жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша түрлі бағдарламалар бар. Осы бағдарламаларға жастар көптеп қатысып ел экономикасының дамуына үлес қосу керек.
Аталған шараға, арнайы мемлекеттік бағдарламалар бойынша спикер Кангелдиев Ержан жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат айтып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде танысып, түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды. Мәселен, Келес ауданындағы жастарға қандай кәсіп бастауға болатыны түсіндірілді. Ең алдымен бұл мақсатта нарықты зерттеп, ауданға не жетіспейді осы нәрсені зерделеп алу ұсынылды. Қазіргі таңда мемлекеттік бар қолдауын уақытнда пайдаланып, кәсібін жүргізу үлкен мүмкіндік. Алайда мүндай мүмкіндіктің барынан кейбір аудан жастары хабарсыз. Осы себептен обылстық Жастар ресурстық орталығы іс-шара жоспарына осы мәселені енгізіп, семинар тренингтер өткізуді жоспарлаған. Осы сәтте жас кәсіпкерлер қажет ақпараттарды осы семинар тренинг барысында ала алады.